Жарылыс Ауғанстандағы Ресей елшілігінің ғимараты орналасқан ауданда болған. Террорлық акт нәтижесінде дипломат, күзетші мен студенттер қаза тапты.
Ғимараттың алдында виза алуға үміткерлер қаптап жиналған. Олар Ресейде оқығысы келетін студенттер болғаны белгілі болды. Дәл сол сәтте ресейлік дипломат жиналғандардың құжаттарын жинап жатқан. Сол маңдағы күзетші де Ресей Федерациясының азаматы болып шықты.
5 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 10:50 шамасында Кабулдағы Ресей елшілігінің консулдық бөліміне кіре берісте белгісіз біреу жарылғыш құрылғыны іске қосты. Шабуыл нәтижесінде сол ғимараттың екі қызметкері қаза тапты. Зардап шеккендердің арасында ауған азаматтары да бар
деп хабарлайды Ресей СІМ.
Қаза тапқандардың саны әлі нақты емес. Дегенмен, осы уақытта белгілі болғаны 10 адам көз жұмып, 10-нан астамы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Елшілікке жақын маңдағы ғимараттарда әйнектер сынған.