«Кальмар ойынының» актері О Ён Суға «жыныстық бопсалау көрсетті» деген айып тағылды. Бұл туралы Yonhap News хабарлады.
Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, Сувон Соннам аудандық прокуратурасы 2017 жылдың ортасында әйелдің денесіне орынсыз тиіскені үшін 78 жастағы О Ен Суға қамауға алынбай айып тағылды.
Бұл оқиға өткен жылдың желтоқсан айында, жәбірленуші деп танылған азамат О-ның үстінен полицияға арызданған кезде басталған. Алайда сәуірде полиция істі актерге ешқандай айып қоймастан жауып тастады, бірақ кейін прокурорлар жәбірленушінің өтініші бойынша тергеуді қайта бастады.
Прокуратураның тергеуі кезінде актер өзіне тағылған айыпты жоққа шығарған.
О Ен Су 2022 жылы «Кальмар ойыны» сериалындағы рөлі үшін «Екінші пландағы ең үздік рөл» номинациясын ұтып алған.