Канада кейінгі аптада ауқымды орман өрттерімен күресуде – билік 400-ден астам өрт тіркеді. Ескертулер енгізілді, қызметтер тартылды, бірақ соған қарамастан түтін оңтүстікке — АҚШ-қа жетті. Көп ұзамай ыс Нью-Йоркті шарпыды: қала ауаның ластануы ең жоғары қалалар тізімінде бірінші орынға шықты, ондағы ауа сапасы 1960 жылдардан бері ең нашарлардың қатарында. Аспан түтіннен сарғыш түске боялды, ал сол орындардан фотосуреттер фотофильтірмен түсірілімге ұқсап қалған.
Қазір Нью-Йоркте ашық алаңдағы барлық іс-шаралар, ұшақтардың ұшуы тоқтатылды, тұрғындар қалада респираторлармен және тіпті газ маскаларымен жүруге мәжбүр, ал билік жұрттан мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес беруде. Ұсыныстар бірнеше күнге созылады, өйткені түтін ұзақ уақыт тұруы мүмкін. Алайда, қазір түтін АҚШ-тың басқа қалаларына таралып жатыр: ыс Вашингтон, Филадельфия және Пенсильванияға да жеткен. Барлығы 55 миллионнан астам адам ластанған ауадан зардап шегуде. Америка билігі Канададағы өртті сөндіруге 600 өрт сөндірушіні жіберді.