Өңірлердің 2 ақпандағы жедел деректері бойынша елімізде 1 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауарлар қоры бар.
Бүкіл өңір 85,8 мың тонна картопқа келісімшарт жасаған. Оның ішінде келісімшарт көлемі 50-100% аралығында, яғни сары аймақта 7 өңір: СҚО, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау облыстары және Шымкент қаласы орналасқан.
Оның сөзінше, сәбіз бойынша да осындай жағдай. Мысалы жалпы өңірлер келісімшарттарының көлемі 28,8 мың тоннаны құраған. Ондағы көлемі 50%-дан 100%-ға дейінгі сары аймақта 8 өңір: Ақтөбе, Жамбыл, Алматы,
Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары, Астана, Шымкент қалалары кіріп тұр.
Ал Павлодар облысы тіпті қызыл аймақта, онда келісімшарт көлемі 50%-дан да төмен.
Өңірлерге 2 мың тонна импорт, ерте пісетін көкөністерден 3,8 мың тонна импорт керек.
Қырыққабат бойынша да жағдай осы тектес. Өңірлердегі келісімшарт көлемі 19,1 мың тонна. Оның ішінде келісімшарты 50%-дан 100%-ға дейінгі сары аймақта 9 өңір тұр. Олар: Атырау, Ақтөбе, Ақмола, БҚО, Павлодар облыстары, Абай облысы, Астана, Алматы және Шымкент қалалары.
Бес өңір қызыл аймақта, яғни келісімшарт көлемі 50%-дан да төмен. Бұл Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы жағдай.
Бұл тапшылықтардың орнын толтыру үшін көкөніс қоры асып тұрған өңірлерден тасымалдау, сондай-ақ, жергілікті өндірушілермен қосымша келісімшарт жасау арқылы шешу көзделіп отыр.