Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Алматы облысында үш судья жемқорлықпен ұсталды
04.12.2023
Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
04.12.2023
18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
04.12.2023
2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды
04.12.2023
«Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар
04.12.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Денсаулық > Келесі жылдан бастап еліміз есірткіні бюджет есебінен сатып алуға кіріседі
МаңыздыДенсаулық

Келесі жылдан бастап еліміз есірткіні бюджет есебінен сатып алуға кіріседі

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 11.10.2023
Обновлено 11.10.2023 в 10:10
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Әңгіме метадон терапиясы бағдарламасын мемлекеттің жүзеге асыра бастайтынына қатысты болып отыр. Бұрын оны батыстық халықаралық ұйымдар қаржыландыратын. Бұл жаңалық сарапшыларды, қоғамдық мәселелерге селқос қарамайтын жұртшылықты дүр сілкіндірді. Белсенділер бұған қарсы петиция жариялады. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.

Қарсылар не дейді?

Қазақстанға бір есірткіні екіншісімен заңды түрде алмастыратын мемлекеттік бағдарлама керек пе?

Құқық қорғаушы, практик заңгер, «Қорғау HR» басшысы Әлия Абдинова онлайн петиция жариялап, «елдің ұлттық қауіпсіздігі мен халықтың денсаулығына қатер төндіретін метадон есірткісін заңдастыру жобасына қарсы қол жинауда.

Бүгінде оған 7 мыңнан астам адам қол қойған. Оның ішінде 6,4 мыңдайы петицияны жақтады. Тағы 635 адам петицияға қарсылығын білдірген.

Метадон – қауіпті синтетикалық есірткі. Оны қолдану адамға героин және морфин сияқты зиян келтіреді. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі метадон есірткісін республикалық бюджет қаражатына сатып алып, медициналық көмек ретінде тегін таратуға ниетті.

Қазақстанда бұл есірткіні белгілі бір тұлғалардың тобы нысаналы, табанды түрде ілгерілетіп келеді. Бұған дейін және 2024 жылға дейін метадонды сатып алу ЖИТС, туберкулез және маляриямен күрестің Жаһандық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Отандық эксперттердің бағалауынша, аталған есірткінің шығыны – 28,6 миллион доллар.

Қоғам белсенділері метадон сиробын дайындау үшін Қазақстанға заңды түрде әкелінетін компоненттер елімізде синтетикалық есірткінің өзге түрлерін шығаруға негіз болуы мүмкін деп алаңдайды. Өйткені құзырлы органдардың күресі аясында республикада синтетикалық есірткі жасалатын зертханалар көптеп әшкереленуде.

Психологтер метадонға тәуелді адамдардың бойын дүлей күш билейтінін, олар шектен тыс агрессия танытып, жолындағысын қиратып жіберуге дайын тұратынын айтады. Аталған терапияны ұсынып жүрген ұйымдардың өздері де ашық ескертеді: метадон жеткізілімі ең құрығанда, бір күнге кешіктірілсе, оны алушылар наразылығын білдіріп, тәртіпсіздіктер ұйымдастыруы мүмкін.

Яғни, елдегі әлеуметтік-саяси кернеуді күшейтуі ықтимал салдарлардың бірі. Қасіретті Қаңтар оқиғасын бастан өткерген ел мұндай қадамнан абай болса керек. Сондықтан құқық қорғаушы Әлия Абдинова және басқа да қоғам белсенділері Президентке қайырылып, Қазақстанда бұрынғы билік жүзеге асырған сынақ пен тәжірибеге тосқауыл қоюды, метадонды медициналық мақ­сатта пайдалануға түбегейлі тыйым салуды сұрап отыр.

Егер ондай саяси шешім қабылданса, онда ұлттық заңнаманы өзгертіп, жаңадан нормативтік-құқықтық актілер қабылдау қажет болады. Мәселен, онда метадон II кестеден I кестеге кері көші­рілуі, яғни медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынған есірткіге жатқызылуы шарт. Сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерден бұл есірткі түрін сатып алуға қаражат бөлінбеуі тиіс.

Айтпақшы, белсенділер Мемлекет басшысынан метадон терапиясын ілгерілеткен барлық тұлғаларды тауып, жазаға тартуды сұрады.

Метадонды бюджет қаржыландыра ма?

Қазақстанда метадон алмастыру терапиясының пилоттық жобасы Денсаулық сақтау министрлігі тізгінін білікті дәрігер Жақсылық Досқалиев қолына алғанда енгізілді. Бұдан бұрын, 2003 жылы аталған терапияны ілгерілету бастамасы қолға алынған: Қазақстанға Жаһандық қор қаржы бөле бастады.

Бастапқыда метадон есірткінің героин сияқты аса ауыр түрлерін тұтынатын жастарға немесе ине салатын инъекциялық нашақорларға, жезөкшелерге тек облыс орталықтарында таратылады деп есептелген. Бірақ бұл пилоттық жоба тез-ақ бүкіл елді қамтыды. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, метадон Алматы, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Семей, Қостанай, Қызылорда, Орал сияқты қалаларда, облыс орталықтарында үлестіріледі.

2024 жылға арналған республикалық бюджетте де, Денсаулық сақтау министрлігінің бюджетінде де, медициналық сақтандыру жүйесінде де метадон терапиясына арналған бағдарлама жоқ. Дегенмен елде жүргізіліп жатқан децентрализация және дебюрократиязация әрбір министрлікке өзіне бөлінген ел қаржысын өз қалауынша жұмсауға үлкен еркіндік береді.

Мұның сыртында, он бес жыл жүзеге асырылған метадон бағдарламасы екі жақтан қаржыландырылғаны анықталды: препаратты сатып алуды Жаһандық қор қамтамасыз еткен. Ал оны тасымалдау, логистикасы, сақтау, тиісті кабинеттерді жабдықтау және онда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы Қазақстанның Денсауминінің мойнына жүктелген.

Energyprom мониторинг агенттігінің сарапшылары да Үкіметтің, Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайттарынан 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, метадон бағдарламасының бүкіл шығынын ел бюджеті көтеретіні туралы бірде бір материал, түсініктеме таба алмапты.

Алайда мұны растайтын фактіні біз Жаһандық қордың, Залалды төмендетудің еуразиялық қауымдастығының (ЕАСВ) бағдарламалары мен есептерінен, гранттық құжаттарынан тауып алдық. Одан белгілі болғанындай, бірнеше жыл бұрын аталған бағытқа халықаралық грантты алу туралы келісімге қол қоя отырып, Қазақстан шынымен де метадон бағдарламасын бірте-бірте мемлекеттік қаржыландыруға көшіру туралы өзіне міндеттеме алған. Көшіру мерзімі – 2024 жыл.

Метадонды сатып алуды қаржыландыру үшін қажетті сома – 146,6 мың доллар (қазіргі бағам­мен 69,5 миллион теңге).

Агенттік бұған дайындық, мысалы метадонды азаматтар үшін тегін препараттар тізіміне қосу жұмыстары жүріп жатқанына назар аудартты. Аталған синтетикалық есірткі Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярына енгізілді.

Мұның арты неге соқтыратыны белгісіз.

Терапия тиімді ме?

Емнің бұл түрін қолдайтындардың өз дәйектемелері бар. БҰҰ есірткілер және қылмыстар жөніндегі басқармасы (United Nations Office on Drugs and Crime немесе UNODC) сарапшылары метадон терапиясынан пайда барына сендіреді.

Алмастырушы терапия бағдарламасына (Программа заместительной терапии) жыл сайын шамамен 300 есірткіге тәуелді қазақстандық қатысатын көрінеді.

UNODC дерегінше, терапиядан өткендердің 182-сі жұмысқа тұрған. 39-ы оқу бітіріп, мамандық иеленді. 17-сі туберкулезге қарсы терапиядан өткен. 66-сы отбасы құрыпты. Үшеуі сау бала туған. Отбасылары барының 96 пайызы отбасылық қарым-қатынастарының жақсарғанын атап өткен. 14 пайызы емдеуді аяқтаған екен.

Биыл метадон алмастыру терапиясынан 399 адам ғана өтіпті. Сондықтан олардың бар-жоғы қоғамға белгісіз. Егер олардың саны мыңдап есептелсе не болмақ?

Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мәліметінше, Қазақстанда есірткіге тәуелді қазақстандықтардың саны 79,9 мыңнан асады. Яғни, солардың ішінде метадонмен емделетіндерінің үлесі мардымсыз: 1 пайыздан аз.

Метадонды ілгерілетіп жүрген үкіметтік емес халықаралық ұйымдардың сарапшылары жыл сайын бұл жобаға қатысушылар санын кем дегенде 1,1 мы­нан асыруға кеңес берген.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, метадон бағдарламасы жүзеге асырылған 15 жылда мұндай терапиядан жалпы саны 1 594 қазақстандық өтті. Қатысушылардың жобаға қатысуының орташа мерзімі екі жылды құрайды. Өзге есірткі түрлерінен бас тартып, метадон синтетикалық есірткісін қабылдайтын нашақорлардың орташа жасы – 43 жас.

Сарапшылардың айтуынша, бұл бағдарламаның тиімділігін немесе залалын бағалау күрделі. Халықаралық ұйымдар қорытындыларын ашық жариялай бермейді. Мысалы, қатысушылардың 26-сы қайтыс болған. Бірақ ашық дереккөздерде олардың негізінен аурудан, жазатайым оқиғалар салдарынан жан тапсырғаны ғана айтылады.

Бұл жобаның халқымыздың қалауымен емес, халықаралық бақылаумен жүргізілуі де күдік бұлтын қалыңдата түсетіні сөзсіз.

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Главное, Қазақстан, Руханият, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 11.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Алматы облысында үш судья жемқорлықпен ұсталды
  • Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
  • 18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
  • 2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды
  • «Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды

04.12.2023
Қоғам

2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды

04.12.2023
Қоғам

«Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар

04.12.2023
Атақ және ақша

Назарбаев: Ұрпақсыз емеспін, ұлдарым бар

04.12.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?