Біздің елде апаттан соң дұрыс шешім қабылдайды.
Енді кеншілер 55 жастан бастап зейнетке шыға алады. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесуде айтты.
Айта кетейік,
Шахтадағы өрттен 5 кенші қаза тапты.
Ауруханада 13 зардап шегуші жатыр, оларға барлық қажет ем-дом жасалып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 8-інің жағдайы орташа ауыр, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 20 тамыз қаралы күн болып жарияланды.
Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында 17 тамыз күні өрт шыққан еді. Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған.
Премьер-министрдің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта кеншілерге ертерек – 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр екен.
Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында жоғалып кеткен және осындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесті, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізді.