Кентау полициясы қалада жаппай уалану фактісін тергеп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Полицияға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен дәмханалардың бірінде жаппай улану туралы хабарлама түскен. Қазір Кентау мен Түркістандағы ауруханаларда 98 адам жатыр, тағы 70 дәмханаға келуші үйлерінде ем алып жатыр.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігі «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Дәмхананың барлық тамағы алынып, зерттеуге жіберілді,
делінген хабарламада.
Айта кетейік, Кентауда 167 адам астан уланды. Барлығы Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнынан суши, пицца, тауық етін жеген.
Нысанның санитария құжаты түгілі, аспаздарының медицина кітапшасы да болмай шықты.