Қазақстандағы кептелістің көп болатыны соншалық, қолға домбыра алып, жыр айтып үлгеруге болады.
Қазақстандық әртіс, «Спарта» КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов Instagram парақшасында көпшіліктің проблемасына айналған кептеліс туралы жырлаған видеосын бөлісті. Оның сипаттамасына әзілқой: «Айып етпеңіздер, жанқайым» деп жазған.
Видеоға қарағанда, Даниярдың өзі де кептеліске тап болып, діттеген жеріне жете алмай тұр. Ол кенеттен қолына домбыра алып, айтыс жанрында қазақстандықтардың дерті туралы шырқай бастайды.
Я понимаю, когда утром — пробки, я понимаю, когда вечером — пробки, но я … не понимаю, как возможны днем — пробки? Походу все на обед идут. Слушайте, ребята, так не пойдет. Әйелдеріңді попросите, чтобы тамақты өзіңмен бірге контейнерге салып алсын (Попросите своих жен взять еду с собой в контейнере,
деді әзілқой.