«Керексіз болып қалдық»: Қазақстан педагогтары жүктеме азайғанына наразы

Жаңа оқу жылында Білім министрлігі кейбір мектеп пәндері бойынша сағаттарды қысқартты. Көптеген мұғалімдер мұндай реформаларға наразы, себебі мұғалімдердің бір бөлігі жұмыссыз қалып отыр.

Қазақстан мектептерінде Өзін-өзі тану сабағын алып тастады, қазақ тілді сыныптарда орыс тілінің сағаттары қысқартылды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Кейбір мұғалімдер мүлдем жұмыссыз қалы, ал басқаларының жүктемесі азайып, онымен бірге әдеттегі табысы да азайды. Мұғалімдер әлеуметтік желілерде наразы бола бастады.

Білім министрлігі оқу жылы басталар алдында қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін жүктемесіз қалдырып, яғни сабақтарын екі есе қысқартып, есеңгіретіп қойды. Бұл жалақының қысқаруы, ал бұл адам тағдыры. Қазір әрбір қазақстандық отбасының несиесі, ипотекасы бар,

дейді мұғалімдердің бірі.

Басқа да пән оқытушылары дәл осындай мәселеге тап болып отыр.

Мені «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі ретінде далада қалдым! Қайда барамын? Не істеу керек? Күйеуім онкологиямен ауырады, ұлым — студент, қызым — 5-сынып оқушысы», «Қазір әңгіме тек орыс тілі мұғалімдері туралы емес. Биыл қысқартудан ағылшын тілі, дене шынықтыру, өзін-өзі тану мұғалімдері де зардап шегіп отыр», «Біздің орыс мектебімізде қазақ тілін орта және жоғары сыныптарда қысқартты. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғанына қарамастан. Бомба десе бомба, бәріміз абдырап қалдық,

деп атап өтті комментаторлар.

Ағарту министрлігі педагогтардың жүктемесінің азаюы туралы түсінік бермеді. Елордалық білім басқармасындағылар да түсінік беруден бас тартты. Олар тек «Нұр-Сұлтанда мұндай проблема жоқ» деп мәлімдеді.

Бұл ретте экономист Арман Байғановтың пікірінше, бюджет ақшасын «қажет емес» сабақтарға жұмсау тиімсіз.

Бюджет қаражатын жұмсаудың қажеті жоқ, оны тиімді пайдалану қажет. Қазіргі таңда аз сұранысқа ие сабақтардан гөрі, менің ойымша, бұл қаражатты пайдалы сабақтарға бағыттау керек,

деді сарапшы.

Мұғалімдер қайта даярлауға қарсы емес екенін айтады, бірақ оны қысқа мерзімде жасау мүмкін емес.

Айта кетейік, жақында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері митингке шығып, қысқартуға қарсы екендерін айтқан болатын. Білім министрлігі қысқарту болмайтынын айтып, сабырға шақырған.

Жалпы 2022-2023 оқу жылында қандай өзгерістер болатынын Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында баяндаған болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago