Хиджабпен күресе бермей осыны айтатын біреу бар екен.
Мәжілістің бұрынғы депутаты және блогер Тәңірберген Бердонғар орынсыз пікірімен желі қолданушыларының шамына тиді, деп жазады Stan.kz
Ол сөзін ашулы жандарға емес, өз “қыздарына” арнайтынын айтты.
Қыздар, кеуде тұсын ашып жүру аш адамды нанмен қызықтырып, мазақтағанмен бірдей. Бұл нанның иісі неғұрлым дәмді болса, оны біреу қасақана тістеп алуы да ықтимал.
Бердонғардың айтуынша, қоғамда түрлі аш әрі намысы жоқ адамдар көп. Блогер қыздарды өте көп макияж пайдаланбауға шақырды. Сондай-ақ қарапайым киініп жүруін сұрады.
Болашақта сіздің қарым-қатынасыңыз үшін уайымға түскім келмейді, немерелерім ата-анасы махаббатқа қаныққан отбасыда болғанын қалаймын.
Желі қолданушылары оның бұл пікірін жақтырмады:
- Одан да ұлдарыңызды қыздарға тамақ сияқты қарап, тап бермесін деп тәрбиелесеңізші.
- Қазіргі қоғамда өзіне ұнайтын киім киюге тыйым салу, боянуға тыйым салу ойға қонымсыз нәрсе, әйелді ер адамның меншігі деп санамаңыз.
- Кім аш жүр, ол соның проблемасы.
- Қарамаңыз, көзіңізді басқа жаққа салыңыз, күйеуіңіз сізді барлық ерекшеліктеріңіз бен кемшіліктеріңізбен жақсы көріп, қабылдауы керек.
- Елікпей көзін жұмып, нәпсісін тиып жүрсін. Жұрттың киімінде не шаруасы бар, осылардың?
