Мәдениет министрі Асхат Оралов мәдени ескерткіш ғимараттардың қабырғаларында нені жарнамалап жүрсіздер?
Павлодар қаласының ескірткіш ғимаратында есірткі жарнамасы айқайлап тұр. Аталмыш ғимарат Астана көшесінің бойында орналасқан. Бұл көше бұрын Ленин атамыздың атына берілген еді. Көшеде мәдениет ғимараттары, мұражайлар мен білім ордалары орналасқан.
Павлодарда қыдырып жүрмін. Қаладағы ескі ғимараттарды көріп, суретке түсіріп жүргенде алдымнан мына сары үй шықты. Жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш екен. Не ғимарат екенін оқиын деп тақтайшадағы QR кодты сканерлеп едім, есірткі сататын сайттан бірақ шықтым,
деп жазды Facebook парақшасында Айнұр Бекова.
Негізі министрлік қашан жұмыс істейді? Теоретик министрлерден қашан құтыламыз?
@kazchuvash арнасында тағы бір киелі жердің тағдыры жазылды. Бурабайдағы Абылай хан алаңы көрсетілген тақтайшаға қарасаңыз, QR кодты көресіз. Ол арқылы өтсеңіз, есірткі сататын сайтқа тап боласыз. Әрине бұл техникалық ақау екені түсінікті. Есірткі сатумен айналасатындар түрлі айлаларға бастары жетеді. Жәй ғана осыны бақылауларына ала алмай отырған министрліктің немқұрайлылығы ашуландырады.