Батыс Қазақстан облысында киік етіне сұраныс жоқ.
Соңғы ресми есеп бойынша, аймақтағы киік саны 1,3 млн болған. Алайда жұртшылық олардың саны екі миллионға жетіп қалды деген пікірде, деп жазады TengriLife.
Әкім киік басына 15 гектар жайылым қажет екенін атап өтті. Сонда шартты түрде 15 миллион гектар жайылым қажеттігі туындайды.
Биыл шаруалар киік малынан ерекше зардап шеккенін айтып, билікке шағымданды.
Осыған орай, 15 атқыш бригадасы, тор құру әдісімен екі бригада жануар аулау ісімен айналысуда.
Бүгінге дейін 11 мың бас киік ауланған.
Біз өнімді ет комбинаттарына өткіземіз. Олар еттің келісін 315 теңгеден алып, халыққа 1200 теңгеден сатуда. Киік етіне халық арасында сұраныс жоқ,
деп мәлімдеді аймақ әкімі Нариман Төреғалиев.
Соңғы мәліметтер бойынша, дала жануарынан аймақта 1350 шаруа қожалығы зардап шегіп, 1,2 млн егіс жарамсыз болып қалған. Олар 8 млрд теңге көлемінде өтемақы сұраған.
Билік 6 қазаннан бастап 200 мың тұяқты жануар ауланады деп мәлімдеді. Кейінірек аулау ісі қиындық тудырып, Экология министрлігі киіктің атылатынын хабарлады.