Әлеуметтік желілерде видео тарап, қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кадрларда әйел дөрекі дауыспен ешкімге міндетті емес екенін, “салық төлегендіктен, орыс тілінде түбіртек талап ете алатынын” айтады,
Мен салық төлеп отырмын ба – түбіртек те маған өз тілімде берілуі керек. Конституцияда орыс және қазақ тілінде деп жазылған.
Кім не десе де, түкіргенім бар,
дейді роликтегі әйел.
Оқиғаның Астанадағы “Әлем” сауда үйіндегі Магнумда болғаны жазылып жатыр.
Ол өзін Ресейде тұрғандай сезінеді. Тәуелсіздік алған 32 жылдың ішінде кейбір адамдар қазақша оқуды да үйренбеген. Бұл біздің тіл саясатының “жемісі”,
дейді жарияланым авторы.
Видеоны сілтеме арқылы көре аласыздар.