Павлодар әкімі Асайын Байхан Instagram-ды өте белсенді қолданады. Жақында әкімнің дайректіне бір студент ақша сұрап жазған.
Асайын Байханға жазған жігіт студент екенін, шәкіртақы ай соңында түсетінін айтып, 10 мың теңге беруін сұраған.
Ассалаумағалейум, Асайын Байхан. Сіз әкімсіз ғой, қалтаңызда ылғи тиын-тебен жүреді. Сізді әкім екен, демек миллионер деп отырғаным жоқ. Мен, бар болғаны, сіздің жағдайыңыз менікінен аздап жақсы екенін түсінемін. Сондықтан менің каспиіме 10 000 теңге аударыңызшы. Жүріп-тұруға. Әйтпесе, шәкіртақы ай соңында түседі. Әкім болсам, халыққа тиын-тебен таратар едім,
деп әкімнің дайректіне жазған студент Каспи нөмірін қоса жолдаған.
Павлодар әкімі студенттің өтінішін орындап, оған шынымен де 10 мың теңге аударды. Сосын жігітке жұмыс істеп, ақша табуға кеңес берген.
Уағалейкум Ассалям. Байқаймын, сізді бір жолға қолдап, көмектесемін. Бірақ сіз жас жігіт ретінде көмек сұраудың орнына жұмыс істеуіңіз керек. Мен өркениеттен қашық жатқан ауылда туып, өстім. Қалаға көк тиынсыз келдім. Ешкім көмектеспеді, бұл маған керісінше мықты мотивация болды. Өмірімде сәтсіздік көп болса да, шаршамай, құлшыныспен еңбек еттім. Сізге біреу тектен текке бірнәрсе бермейді. Білек сыбана тірлік ету керек, бастысы, жалықпау қажет,
деп жауап жазды Асайын Байхан.