Талғар соты аудан әкімі Қайдар Әбдіхановтың жергілікті белсендіге қатысты әкімнің ар-намысы мен абыройын қорғау туралы арызын қарап жатыр. Әкімге зейнеткердің президент Тоқаевқа арызданғаны ұнамай қалған.
Бәрі 2022 жылғы 31 қаңтарда басталды. Бұл күні қоғамшыл Клара Хасанова мен Талғар ауданының тағы 160 тұрғыны электрон үкімет порталы арқылы мемлекет басшысына және Алматы облысы әкімі Қанат Бозымбаевқа жүгініп, жергілікті билікке қатысты арызын жеткізді. Азамататр бәріне наразы — сумен жабдықтау және жол сапасының нашар екенінен бастап, зират сату мен әкімге жақын адамдардың әкімдікке жұмысқа тұруына дейін.
Хаттың бір бөлігі Талғар ауданындағы басшылық қызметтерге туыстарын қою приницпіне арналды. Талғарлықтардың ойынша, мұны тәуелсіздік алған алғашқы жылдары белгілі мемлекет қайраткері Әлихан Тойбаев бастаған. Содан бері Талғар ауданы әкімшілігінде Әлихан Тойбаевтың туған бауыры Әбдіғали, ал 2021 жылғы наурыздан бері ұлы Қайдар Әбдіханов та істеп үлгерді.
Айта кетейік, 2001 жылдан бері Талғар ауданында жемқорлық бойынша аудан әкімінен бастап басқарма жетекшілеріне дейін, барлығы 40 шенеунік жауапкершілікке тартылды.
Талғар әкімі мен оның туыстары
Айта кетейік, қазіргі әкім аудан әкімдігіндегі қызметіне ықпалды әкесінің арқасында орналасты деген пікірге толық қарсы. Сол себепті Клара Хасанованың президентке жолдаған арызында аудандағы ағайынға бұрушылық туралы бөлігін сотта жоққа шығаруды талап етіп отыр. Оған қоса, зейнеткер қоғамшыл әйелден моральдық зиян келтіргені үшін 500 мың теңге өндіруді талап етеді.
Талғар ауданының қазіргі әкімі кім? Тұрғындар не себепті кенет олардың елдімекенінде билік атадан балаға беріледі деп есептеді? Барлық мәлімет ашық дереккөздерден алынғанын және қандай да бір құпияға жатпайтынын айтып өтейік.
Әулет басшысы Әлихан Тойбаев кеңес дәуірі уағынан 1995 жылға дейін Талғар ауданында басшылық қызметтерде болған. Ал 1999 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасарына дейін көтерілді. Дәл сол уақыттарда шекара органдарына мемлекеттік қызметке ұлы Қайдар Әбдіханов келді. Ол кезде ұлының органдарда жұмыс істеуге құқықтық білімі жоқ еді. Қайдар Әбдіханов Алматыдағы жекеменшік заң факультеті университетін тек 2003 жылы бітірді.
2007 жылы Әлихан Тойбаев бірінші президент қатысқан көп сын айтылған Қауіпсіздік кеңесі отырысынан кейін Алматы облысы әкімінің орынбасары креслосын босатты. Нұрсұлтан Назарбаев Алматының тау беткейі маңына құрылыс саларда, оның ішінде су қорғау аймағына да көптеген бұзушылық жасағанын жазалау үшін басшылық қызметтегі бірнеше адамды жұмыстан шығарды. Ол қатарда Әлихан Тойбаев та болды. Осы жағдайдан бір ай өте сала 2008 жылғы қаңтарда Тойбаев Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы әкімі болып мемлекеттік қызметте қайта пайда болды. Ауданды 2012 жылға дейін басқарды. Содан кейін парламент мәжілісінің бір шақырылымында депутат болды.
Қазір 73 жастағы Әлихан Тойбаев Алматы облысының Қоғамдық кеңесі құрамында бар.
Әлихан Тойбаевтың ағасы Әбдіғали да Алматы облысында басшылық қызметтерде отырған. 2007 жылы, мысалы, Әбдіғали Тойбаев сол Талғар ауданындағы Кеңдала ауыл округі әкімінің креслосында отырғанда шу көтерілді. Алматыдан біренше ондаған шақырымда ғана тұратын елдімекенде адамдар орта ғасырдағыдай жарықсыз, газсыз, сусыз өмір сүретін болып шықты. Сол кезде әкім ауылдағыларға облыс бюджетінен бөлінетін 4 миллион теңгеге су тартылатынына уәде берген еді. Ал электр жарығы туралы сұраққа жауап бере алмады.
2011 жылы суға қатысты жағдай өзгерді. Ақтас саяжай массиві тұрғындары телеарналарға хабарласып, бірнеше жылдан бері ішінде құрт жүретін су ішіп отырғанын көрсетті. Сол кезде әкім Әбдіғали Тойбаев адамдар бұл мәселе бойынша оған тікелей хабарласпағанын айтқан еді.
2013 жылы Әбдіғали Тойбаев жаңалықтар лентасына тағы шықты. Қыста жылу берілгендіктен Қазақстандағы ең үлкен отбасы — Тұяқ Қазкенованың «Нұр» балалар үйі тәрбиеленушілері үсіп қала жаздаған. Бұл үй Талғар ауданында орналасқан. Әбдіғали Тойбаев бұл кезде Талғар ауданы әкімі орынбасары еді. Жағдай журналистер мен қоғамшылдар араласқан соң барып шешілді. Енді сол балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілеріне үй беру мәселесі шықты. Тағы да барлық жол әкімдікке бастайды.
Тойбаевтар әулетінде прокурор да бар, ол — қазіргі әкімнің ағасы Қайрат Әбдіханов. Ол прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы Талғар ауданынан бастаған. Қазір Павлодар облысының прокуроры. Ешқандай жанжалда көзге түспегенін айтып өтейік.
Әлихан Тойбаевтың қызы Нұргүл туралы да қызық ақпарат таптық. 2013 жылы Әлихан Әбдіханұлы мәжіліс депутаты болып тұрған кезде Нұргүл Тойбаеваға Қапшағайдың солтүстік жағалауындағы 2,2 гектар жер тиесілі екені анықталды. Ол жерде демалыс орны бар.
Көзге көрініп тұрғаны ақылға сыймай ма?
Зейнеткер Клара Хасанованың жолдастары президенттен Талғардағы жағдайды комиссия құрып қарауды, оған қоса, зейнеткердің айтуынша, құзыретті әкімді қоюды сұрады. Ақордаға арыз жіберген уақыттан 2 ай өткен соң белсендіге Әбдіханов атынан сотқа дейінгі талап жолданды. 20 маусымда Талғар ауданы сотында Әбдіхановтың Хасановаға қарсы ар-намысын, абыройы мен қызмет беделін қорғау ісі бойынша тыңдалым өтті.
Қатарынан екі отырыс бойы менің бір жерде қандай да бір ақпарат таратқан-таратпағанымды анықтап жатырмыз. Мен Тоқаев пен Бозымбаевқа ғана жазғанымды тағы қайталадым. Ал Әбдіхановтың өкілі 1992 жылғы бір құжатқа сілтей отырып, сотта президентке жіберген, кейін қарау үшін төмен инстанцияға жіберілген арызды ақпарат тарату деп мәлімдеді. Солай болған күннің өзінде, ол менікі емес.
Біз тағы да мемлекет басшысы мен облыс әкіміне Әбдіхановтың ар-намысын құртатын фактілер жібердім бе, әлде комиссиялық тексеріс жүргізуге арналған ақпарат бердім бе деп дауластық. Оларды тексеріп, маған жауабын беруі керек еді. Ол мәліметтердің шындық презумпциясы бар. Комиссия олай емес екенін дәлелдемейінше солай болып қалады.
31 қаңтарда жазған арызыма берілген алғашқы жауап маған ұнаған жоқ, сол үшін 14 маусымда астанаға барып, президенттің мені қабылдауын сұрап арыз жаздым. 10 күннен кейін комисся келді, бірақ жауап әлі жоқ,
деді Клара Хасанова.
В общем, Кайдар Абдыханов считает, что Клара Хасанова зря ссылается в жалобе президенту именно на его семью как на источник всех карьерных благ.
Жалпы, Қайдар Әбдіханов Клара Хасанованың президентке жазған арызында барлық карьера игілігі көзі дәл соның отбасы деуі бекер екенін айтады. Оның мемлекеттік қызметтегі жетістігі тек өзінің кәсіби қабілеттеріне байланысты екеніне сенімді. Шынын айтсақ, сот ісі аса қызық көрінеді, өйткені сондай мықты бэкграунды бар адам зейнеткерді жөнге салғысы келеді.