Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель 29 қазанда Сеулдегі Итэвонда Хэллоуин кезінде болған қайғылы оқиға үшін кешірім сұрап, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.
Мен өзімді ұлдары мен қыздарынан айырылған ата-анамен салыстыруға батылым бармайды, бірақ адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға міндетті президент ретінде жүрегім қарс айырылды.Барлық ұлт қайғыратын трагедияда жақынынан айырылғандардан кешірі сұрап, көңіл айтамын,
деді президент.
Сонымен бірге ол мән-жайды толық зерттеп, бұған кінәлілерді қатаң жазалайтынын айтты.
Мен бұл қайғылы оқиға туралы шындықтың анықталуын қамтамасыз етемін және процесті жұртшылыққа ешқандай күмән қалдырмайтындай ашық түрде жариялаймын. Кінәлілерді қатаң жауапқа тартамын,
деді Оңтүстік Корея президенті.