Қоғам

«Кінәм жоқ еді». Бұл әйел 20 жыл бұрын жоғалқан егіз баласын іздеуде

“Бармысың, бауырым?” хабарының кейіпкері Бахитгүл Салдатхан 2004 жылы туған егіз баласын іздейді.

Бұл туралы El.kz хабарлады.

Хабар редакциясына алдын-ала хат жолдаған Бахитгүл заңсыз жолмен Мәди мен Мәдина есімді балаларынан айырылғанын айтты. Балалар 2004 жылы мамыр айында дүниеге келген. 

Бахитгүл Салдатхан 1992 жылы Моңғолиядан Қарағандыға көшіп келген. Көшіп-қонып жүргенде келіншек құжаттарын жоғалтып алған.

Мен Мәди мен Мәдинамды іздеймін. 20 жыл болды. Ешқандай заң білмегендіктен осы күйге түстім. Екі баламды тауып беруге көмектесіңіздер,

дейді ол.

Қарағандыда егіз баласын босанған кезде ананың ешқандай жағдайы болмаған. Кейіннен бір кісі көмектесіп, балаларды уақытша қалдыруға болатын қоныс тауып берген. Кейіннен Бақытгүлді сыртынан аналық құқығынан айырған сот шешімі шыққан.

Қазақстан, елім, жерім деп келгенде, орыс тілін білмегендіктен осындай күйге түстім. Екі баламнан айырылып қалдым. Мен сендерді қатты сағындым. Абылай деген ағаларың бар. Менің ешқандай кінәм жоқ. Тыңдап отырсаңдар хабарласыңдаршы,

дейді Бахитгүл Салдатхан.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago