Қазіргі кезде электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінің тозуын азайту мақсатында «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидатына көшу жұмыстары басталды.
Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Бүгінгі таңда тарифтерді өзгертудің барлық құқықтық негіздері қалыптастырылды. Бұл ретте, олардың өсімі өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асады.
Сонымен қатар барлық тұтынушы үшін коммуналдық қызметтердің әділ құнын қамтамасыз ету мақсатында тұтынудың әлеуметтік нормасын енгізу тетіктері әзірленеді.