Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі, топтың белсенді қатысушысы, криминалдық “беделдіні” ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Олар 2022 жылғы сәуірде астанадағы түнгі клубтардың күзет қызметіне ықпал ету салаларын бөлісу үшін криминалдық жанжал бойынша күдіктеліп отыр, соның салдарынан екі адам атыс қаруынан жарақат алған болатын.
Сонымен бірге фигуранттар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деп күдіктеліп отыр. Олар қамқорлық көрсетуге және Ақмола облысының бизнесмендерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген, төлем ретінде өңір аумағындағы сомасы 150 млн теңге екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеуге көндірген.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.