«Астана» «Алтын доптың» бес дүркін иегерімен «қол қоюдың» ең қысқа процесін көрсетті.
Елордалық «Астананың» баспасөз қызметі Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналдудың англиялық «Манчестер Юнайтедтен» ресми түрде кеткеніне ерекше жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz.
Instagram парақшасында «Астана» Роналдумен Instagram-да жеке хат алмасып, содан кейін оны өздерінің формасына киіндірген.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда «Астана» КПЛ-ді жетінші рет жеңіп алды.
Криштиану Роналду бүгін Португалия құрамасымен бірге 2022 жылғы әлем чемпионатында Гана командасына қарсы матчта ойнайды.