Ксения Собчак не үшін Ресейден кетіп қалды?

Ресейлік журналист, медиаменеджер, 2018 жылғы сайлауда президенттіктен үміткер болған Ксения Собчак Ресейден кетті.

Ақпаратқа қарағанда, 26 қазанда таңертең Собчактың қала шетіндегі үйінде тінту болған. Оны Ресей ІІМ бас басқармасы тергеушілері арнайы жасақ пен жедел қызметкерлердің қатысуымен жүргізген.

Тінту Собчактың әріптесі жуырда ұсталған Кирилл Сухановқа қозғалған қылмыстық іспен байланысты деп айтылады. Суханов Ксения Собчактың «Oсторожно: media» медиахолдингісінің коммерциялық директоры.

«112» Telegram арнасының мәліметінше, тергеу Кирилл Сухановты «Ростех» басшысы Сергей Чемезовтен 11 миллион рубль (шамамен 83,6 миллион теңге) бопсалады деп айыптап отыр. Бұл айыпқа Telegram-арнасындағы Чемезовқа арналған жазбаның жойылуы себеп болған.

Тергеушілердің айтуынша, Суханов ВЧК-ОГПУ Telegram-арнасы жариялаған жазбаны алып тастау үшін Чемезовтың өкілдерінен ақша талап еткен. Ол жазбада ресейлік миллиардер Андрей Бокарев туған күнін қалай атап өтетіні, ал құрметті қонақтардың қатарында Сергей Чемезов пен Григорий Лепс бар екені айтылады. Жазба 22 қазан сағат 19:19-да жарияланып, төлем туралы келісім жасалғаннан кейін, жойылған.

Шенеуніктерге сүйенген БАҚ-тың хабарлауынша, Собчакқа іс қозғалмаған. Бұған дейін ол Сухановтың ұсталуын » редакцияға жасалған қастандық» деп бағалаған.

Собчак кететіні туралы ешқандай түсініктеме бермеді. Дегенмен ол Мәскеуден түнде шығып кеткен. Ал бір күн бұрын Дубайға, артынша Түркияға билет сатып алған. Бұл шатастыру үшін ойлап табылған тәсіл сияқты. Нәтижесінде ол Белоруссия арқылы Литваға ұшып кетіпті.

Ресей президенті Владимир Путиннің саяси ұстазы, 2000 жылы қайтыс болған Санкт-Петербургтің бұрынғы мэрі Анатолий Собчактың қызы 40 жастағы Ксения Собчак Ресейде көп жылдан бері өзін оппозиция өкілі ретінде көрсетіп жүр. Ол 2018 жылы президент сайлауына үміткер ретінде қатысқанмен көп сарапшы оны Путинге жақын жүретін адамдардың бірі ретінде атайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago