Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жармақ болған.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Астана арнасы.
Қазақстанда террористік қауіп тұрақты түрде сақталып отыр. Жыл сайын кем дегенде 2 террористік шабуылдың алды алынады.
Мысалы, биыл ғана дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Сондай-ақ, Астанада адамдар жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды.
Соңғы үш жылда ШЫҰ елдерінде кем дегенде 80-ге жуық атышулы лаңкестік әрекет жасалған. Дегенмен биыл күрт өсім байқалды. 2022 жылы 18 лаңкестік әрекет болса, 2023 жылы 47-ге жеткен. Лаңкестердің қолынан 400-ден астам бейбіт тұрғын қаза тауып, 940-қа жуық адам жарақат алды.
деді Руслан Сейсембаев Астанада өтіп жатқан ШЫҰ отырысында.
Айта кетейік, бүгін елордада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) өңірлік терроризмге қарсы құрылым РАТС кеңесінің 40-отырысы өтіп жатыр.