Латвия билігі мас жүргізушілерден тәркіленген 271 автокөлікті желтоқсанның ортасында Украинаға берді.
Тәркілгенген көліктердің жалпы құны шамамен бір миллион евро. Бұл туралы Delfi басылымы хабарлады.
Автокөліктерді Украианаға тапсыруды қарастыратын заңды Латвия сеймі ақпанда қабылдаған. Автокөлік тәркілеу туралы шешімді Латвия үкіметі бекітеді. Қазір үкімет тағы 34 автокөліктің құжатын дайындап жатыр.
Латвияның бұрынғы премьер-министрі Кришьянис Кариньш (қазіргі сыртқы істер министрі) Латвия қоғамы, соның ішінде «көлікті мас болып жүргізетіндер де» Украинаны қолдайды деп мәлімдеген. Оның айтуынша, Украинаға тәркіленген автокөліктердің бәрі емес, ол елге шынымен пайда әкелетіндері ғана беріледі.