Барлық нәрсені қызға, әйел қауымына сілтей саламыз. Соларды кінәлай салу жеңіл.
Бірақ, еркектер қыздарға күш жұмсамаса, зорламаса, әлсізге әділдігін көрсетпесе, қоғамда мұндай жайттар болмас еді.
Кімде ұл бар? Ұлды дұрыс тәрбиелейік!
дейді депутат.
Қыз бала – гүл. Бағбаны қандай болса, ол солай өседі.
Депутат, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев оқырмандарына сауал жолдады.
Сіз бала кезіңізде туыстар тарапынан, мүмкін өгей әке, көрші балалардан қандай да зорлық-зомбылық көрдіңіз бе? Ұят болады, қорқамын деген оймен ешкімге тыс жармаған сәттер басыңыздан өтіп жатыр ма?
Оқырмандардан келіп түскен хаттардың легі таусылар емес. Өте қорқынышты. Балалық шақта болған жарамен бөлісу оңай емес. Дегенмен зорлыққа ұшыраған қыздар мен тіпті ұл балалардың саны біз ойлағаннан да көп болып шықты.
- Бес жасымда әкемнің ағасының балалары ауылға қыдырып келіп, түнде іш киімімді шешіп, зорлық көрсеткісі келген. Тыстан шыққан дыбыстан қорқып қашып кетті. Ол туралы ешкім білмейді.
- 4-5 жасымда 20 жасар ағайынымнан зорлық көрдім. Жеке бөлмеге ойнаймыз деп алдап кіргізіп, мүшесін ұстатты, сипап, сүйді. Ол туралы ешкімге айтпа деп қорқытты.
- Туған ағамнан көрдім, бірақ ол 21 жасында асылып қайтыс болды. Білмеймін, өкінішті ме бұл, әлде қуанышты ма.
- Мені көршім зорлады. Баласына қарайтын едім. Бір күні 30 жасар көршім дүкенге барамыз деп алдап, қаланың сыртына апарып зорлаған. Ол туралы ешкімге айтпадым, түсінбедім де не болғанын. Қазір 4 балам бар. Қыздарымды ешқайда жібермеймін.
Оқыған, тоқыған, жақсы отбасынан шыққан, «Болашақ» түлегі. Ақшасы да, атағы да бар. Бірақ, өте өкінішті. Кеше бүкіл елді дүрліктірген экс-министр 31 жастағы әйелін халықтың алдында соққыға жығып өлтірді.
Міне, осындай «тирандардан» қаншама қыздың тағдыры бүлінуде.