Совет өкіметінің идеологиялық құралы болған Лениннің Қазақстанда қанша ескерткіші бар?
leninstatues сайтында әлемнің түкпір-түкпірінде Ленинге орнатылған ескерткіштер туралы ақпарат бар. Мұнда жалпы Ресейде, бұрынғы КСРО елдері мен шетелдегі Ленин ескерткіштерінің суреті жиналған. Осы дерекқорға сенсек, әлем бойынша Ленинге 10 528 ескерткіш қойылған. Оның 6496-сы Ресейде, 2600-і Украинада, 431-і Беларусияда және 270-і Қазақстанда орналасқан. Бірақ бүлардың көбі сүрілген, деп жазды Тіл кеспек жоқ басылымы.
«Ленинопад немесе Ленинді құлату»
Бұл қозғалыс 2013-2014 жылғы Украинадағы наразылық кезінде қалыптасты. Сол жылдары Украина аумағындағы шамамен мыңға жуық Ленин ескерткіші қирады.
Азаттық радиосының жазуынша, 2017 жылы Польшада совет дәуірінен қалған атаулар мен мүсін, ескерткіштерді алып тастау туралы заң қабылданған.
Совет өкіметінің идеологиялық құралы болған Лениннің Қазақстанда 109 ескерткіші мен мүсіні бар.

100-аса аномасиикалық объекті бар. Министрлік 2023 жылы – 756, 2024 жылы – 749, 2025 жылы – 791 ескірген елдімекендер мен ауыл, көше атауын өзгертуді жоспарлап отыр.
Ескерткіштерді күтіп ұстау, тазалау мәселесіне қатысты министрлік былай деген:
Оларды күтіп ұстау сол елді мекендердің тазалық орындарының жалпы жұмыстары аясында ортақ тәртіппен жүргізіледі және арнайы қаражат бөлінбейді.
Алайда, Шығыс Қазақстан облысынжа Ленин ескерткішін жөндеуге әкімдік жергілікті бюджеттен 1,5 миллион теңге жұмсаған. Оған 1962 жылы тұрғызылған ескерткіштің қызыл гранит тұғыры жөнделеді. 2018 жылы тұрғындар бұл ескерткішті алып тастап, орнына субұрқақ салуды ұсынған.
Кеңестік дәуірден қалған ескерткіштерді сүріп тастау керек пе, әлде баптап күту керек пе?