Қытай актері және әншісі Сяо Чжань әлемдегі ең әдемі ер адам деп аталды.
Nubia онлайн-журналы бес ай бойы әлемдегі ең әдемі ер адам туралы сауалнама жүргізді. Басылымның сайтында Қытай актері және әншісі Сяо Чжань көп дауыс жинап, көшбасшы атанғаны жазылған.
Дауыс беруге 11 миллионнан астам адам қатысты, ол 189 елдің тұрғындарын қамтыды. Чжан үшін 2,2 миллионнан астам респондент дауыс берді. Одан кейінгі орында оңтүстік кореялық орындаушы, ән жазушы және актер Ким Тхэхен. Үштікті қытайлық актер, биші және тележүргізуші Ван Ибо тұйықтады.
Номинанттардың қатарында актерлер Генри Кавилл, Том Холланд және Тимоти Шаламе, әнші Джастин Бибер, футболшы Криштиану Роналду да болды.
Айта кетейік, 2021 жылы Kingchoice сайтында өткен онлайн-дауыс беруде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 9 304 871 дауыс жинап, Азиядағы ең әдемі ер адам атанған.