Құны 6400 доллар тұратын “Ақ түн” деп аталатын балмұздақ Гиннестің рекордтар кітабына енген.
CNN басылымының жазуынша, Жапонияның Cellato бренді шығарған бұл балмұздақ әлемдегі ең қымбат десерт ретінде тіркелді. Оның құрамында Италияның Альба қаласында өндірілетін ақ трюфель бар.
Ал оның бір келісі 14500 долларға дейін жетеді. Cellato компаниясы мамандарының айтуынша, “Ақ түн” балмұздағын шығару үшін 1,5 жыл уақыт кеткен. Ол тек қана тәтті тағам ғана емес, сондай-ақ құрамы сирек кездесетін өнімдерден тұрады.
Компанияның миссиясы тек қымбат десерттер дайындау емес, сонымен қатар Еуропалық ингредиенттер мен дәстүрлі жапон тағамдарын біріктіретін шедевр жасау.