Ем қабылдап жатқан екі баланың өлімі туралы Novartis AG өндіруші компаниясы хабарлады. Олар жұлын бұлшықетінің атрофиясын емдеу үшін Zolgensma препаратын қолданған.
Қазақстанда және Ресейде науқастарды Zolgensma препаратымен 5-6 апта емдегеннен кейін және кортикостероидтардың дозасын біртіндеп төмендету басталғаннан кейін шамамен 1-10 күн өткен соң екі өлім жағдайы тіркелді, деп жазды Reuters. Олар жедел бауыр жеткіліксіздігінен қайтыс болған.
Zolgensma препараты жұлын бұлшықетінің атрофиясын (СMA) емдеуде қолданылады. Әлемдегі ең қымбат дәрінің бір дозасы 2 миллион доллардан асады ( 1 млрд теңге).
Компания аталмыш дәрінің өлім жағдайына алып келетіні туралы денсаулық сақтау ұйымдарын ескерткен.
Бұл препараттың қауіпсіздігі туралы жаңа сигнал емес, дегенмен біз Zolgensma препаратының пайдасы болатынына сенеміз,
делінген Novartis мәлімдемесінде.
Novartis компаниясы өндіретін Zolgensma препаратын 2020 жылдың басында Еуроодақ мақұлдаған. Бірақ дәрі Қазақстанда тіркелмеген.
2022 жылдың ақпан айында «Қазақстан Халқына» қоры төрт балаға Zolgensma препаратын сатып алғанын хабарлады. Бір баланың емдеу курсы басталғанға дейін қайтыс болғаны кейінірек белгілі болды.