Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат ойыншылардың командасын таныстырды.
Ең қымбат қақпашы: Мадридтік «Реалдың» ойыншысы Тибо Куртуа 60 миллион еуроға бағаланды.
Қорғанысқа РБ Лейпцигтен Джошко Гвардиол (75 млн еуро), «Манчестер Ситиден» Рубен Диас (75 млн еуро) және «Бавариядан» Маттейс де Лигт (70 млн еуро) кіреді.
Ең қымбат жартылай қорғаушылар: «Боруссия Дортмундтың» ойыншысы Джуд Беллингем (110 млн еуро), «Барселона» сапындағы Педри (100 млн еуро), «Реалдың» ойыншысы Винисиус Джуниор (120 млн еуро), «Манчестер Сити» сапындағы Фил Фоден (110 млн еуро) және Лондонның «Арсеналының» ойыншысы Букайо Сака (100 миллион еуро).
Шабуылдағы қымбат ойыншылар: ПСЖ ойыншысы Килиан Мбаппе (180 млн еуро) және «Манчестер Ситиден» Эрлинг Холанд (170 млн еуро).