Fourfourtwo рейтингісі бойынша Испания астанасы Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» әлемдегі ең үздік стадион деп танылды.
«Реал» стадионы биыл күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. «Сантьяго Бернабеуде» енді жылжымалы алаң мен 360 градустық видеотақта орнатылды. Оған қоса, клубтық мүзей кеңейтіліп, стадионның үсті ашылып жабылатын болды. Жөндеу жұмыстары шамамен 900 млн еуроны құрады.
Рейтингке сәйкес әлемдегі әйгілі 32 арена таңдалынып алынған.
10-орын. «Айброкс» («Рейнджерс»)

9-орын. «Тоттенхэм Хотспур Стэдиум» («Тоттенхэм»)

8-орын. «Ацтека» («Крус Асуль», «Америка»)

7-орын. «Монументаль Антонио Веспусио Либерти» («Ривер Плейт»)

6-орын. «Камп Ноу» («Барселона»)

5-орын. «Сан-Сиро» («Милан», «Интер»)

4-орын. «Бомбонера» («Бока Хуниорс»)

3-орын. «Сигнал Идуна Парк» («Боруссия Дортмунд»)

2-орын. «Маракана» («Фламенго», «Флуминенсе», «Васко да Гама»)

1-орын. «Сантьяго Бернабеу» («Реал Мадрид»)
