Categories: Тарих

Әлемге танымал мұнай маманы Алматыда тұрған

Владимир Щелкачев – мұнай өндірушілері арасында танымал тұлға, ол ашқан ғылыми жаңалықтар Қазақстан кен орындарын игеру кезінде пайдаланылды. Үш жыл Алматыда тұрып, математикадан сабақ берді. Алматыға жер аударылып келген ол Қазақстанда жүріп маңызды жаңалықтар ашты.

Бірнеше жыл бойы Владимир Щелкачев кен өндірісі саласында әлемдік тәжірибелерді зерттеді. 1946 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Владимир Николаевич Мәскеуде сабақ берді, 300-ден астам ғылыми еңбек жазып, кен орындарында қызмет ететін жүздеген маман дайындап шығарды. Оның басшылығымен 44 кандидат пен 19 доктор диссертация қорғады.

Алайда Алматыда мұғалім боп жұмыс істеген кезінде қанша шәкірт тәрбиелеп шыққаны туралы ақпарат жоқ. Оның жер аударылғаны туралы да естеліктер табылмады. Тек: «1931 жылы жер аударылды. Жер аударылған уақытында өнеркәсіп техникумында, кейін педагогикалық институтта математик болып жұмыс істеді», — деген мәлімет қана бар. Алайда Қазақстан ғалымның жаңа тынысын ашты.

Владимир Николаевич Щелкачев 1907 жылдың 3 қарашасында Владикавказда дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезінде математикаға қызығып, Мәскеуге физика-математика факультетінің математика бөліміне оқуға түсті. 1928 жылы М.В. Ломоносов атындағы МГУ-ді «Теориялық механика» мамандығы бойынша бітірді.

23 жылы Щелкачев машина құрастыру институтында теореялық механика кафедрасында ассистент болып жұмыс істеп жүрген кезінде жас ғалым аяқ астынан тұтқындалады.

Ол өзінің діни көзқарасы негізінде жер аударылған. Владимир Николаевич мамандығына қарамастан православиелік діни сенімдегі адам болған.

Ғылым мен діни наным-сенім бір-бірімен сәйкесе ме? Бұл сұрақ көпті толғандырды. Щелкачев өз естелігінде: «Шынайы сенім ғылымға ұқсайды. Шынайы сенім – бұл да білім. Бұл түсінікке келуіме бір кездері Бухарин, Энгельс пен Ленин әсер етті. Студенттерді емтихан алдында олардың кітаптарын көшіруге мәжбүрледі. Олар Құдайдың бар екенін жоққа шығаруға тырысты, алайда бұл сөздеріне бірде-бір ғылыми дәлел келтіре алмады», — деп жазды.

Мәскеуде Владимир Николаевич Алматыға жер аударылып, кейін атылып кеткен протоерей Владимир Воробьев жұмыс істеген шіркеуге көп келетін болған. Щелкачев екеуіне ортақ нәрсе бар еді, екеуі де шіркеулік контрреволюциялық ұйымға қатысты деген жаламен жазықсыз тұтқындалды. Соңында екеуі де ақталды.

Владимир Николаевичтің ұлы Александрдың сөзінше, 1929-1933 жылдар аралығында шіркеуге қарсы қуғын жүргізілді. Дін қызметкерлері лагерьлерге жабылып, көбі атылды.

Өз естелігінде Владимир Щелкачев былай деп жазды: «Үкім мынадай болды: профессорлар 10 жылға, протоиерейлер, доценттер мен ғылыми қызметкерлер 5 жылға, мен секілді ассистенттер 3 жылға кетті. Мен үш жылға лагерьге жіберілдім, алайда менің әпкем Калининге барып, «жазамды» дәл осы уақыт көлемінде жер аударуға ауыстырып алды. Үкім 1931 жылдың 20 қыркүйегінде жарияланды. Мені Алматыға жіберді. Ол жаққа апарып, маған былай деді: «Қайда өмір сүрем десеңіз де, өзіңіз білесіз, кез келген жұмыс іздей беріңіз. 10 күнде бір рет бізде белгіленесіз». Ол жақта төрт институт болды: медициналық, ауыл шаруашылық, ветеринариялық, педагогикалық. Педагогикалық институтқа теориялық механика мұғалімі керек болып, мен сол жаққа бардым…»

Алайда 58 бөлімнің 11 бөлімшесі «Халық жауы» атағы оған аталған қызметке орналасуға мүмкіндік бермеді. Бірақ мемлекеттік банк есеп-экономикалық техникумына математик болып жұмысқа тұрды.

Щелкачев Алматыда сол жылдары профессорлар, тәжірибелі инженерлер, түрлі саладағы мамандар, дін қызметкерлері көп болғанын жазады.

«Мен Базар алаңындағы Колхоздар үйіне бардым, бұл – қонуға болатын жалғыз жер еді. Екі бөлмеден тұратын бір қабатты үй еді, адам көп болатын. Ағаш үйдің еденіне газет төсеп ұйықтайын деп жатқанымда әкемнің туыс інісі Михаил Осипович Воробьев мені іздеп келіп, үйіне алып кетті. Бірақ жер аударылғандарды үйге апаруға тыйым салынған болатын. Қалада кіру өте қиын жалғыз монша бар еді», — деп жазады ғалым өз естеліктерінде.

Кез келген уақытта тұтқындалатынын білсе де, Щелкачев жексенбі сайын Николай соборына шіркеу қызметін атқару үшін барып тұрды. Ғалым сол жерде сөйлескен адамдардың бәрі кейін тұтқындалды: епископ пен дін қызметкерлері тұтқындалып, шіркеу жабылды.

Соғыстан кейін Владимир Николаевич Мәскеуге оралды. Жер аударылғанының салдарынан математикадан қол үзіп қалған еді. Ғалым жаңа мамандық меңгеріп бастады, ол – кен өндіру саласы еді.

Щелкачев КСРО-да ғана емес, бүкіл әлем бойынша кен өндіру саласындағы ең мықты мамандардың бірі болып қалыптасты. Мәскеу мұнай институтында ғылыми қызметін жалғастырып, 1941 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор болды. КСРО-да алғаш болып кен өндірісі саласында докторлық диссертация қорғады.

Ғалым ашқан жаңалықтар тәжірибеде қазірге дейін қолданылуда.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Фото: Владимир Щелкачевтің жеке мұрағатынан 

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

14 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago