Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин өз еркімен қызметінен кетуге өтініш жазған. Ол бұл қызметті өткен жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келді, деп хабарлайды Тіл кеспек жоқ арнасы.
Бұған дейін облыста жөндеуден шыққан Ленин ескерткішінің қайта құлауынан соң қылмыстық іс қозғалған болатын. Мердігердің айтуынша, ескерткіш “өзінен-өзі” құлап кеткен.
Кейін желіде ескерткішке жүк тиегіштің көліктің тиіп кеткенін көрсететін видео таралды. Сондай-ақ, жақында белгісіз біреулер әкім ғимаратының сыртына “Верните Ленина!” деп жазып кеткен. Полиция оларды да іздестіріп жатыр.