1991 жылы Ресей адам сияқты өмір сүргісі келді. Бірақ қолынан ол келмеді.
2023 жылы Ресей өлейін деді, өйткені бұл өмір ол үшін тым мәнсіз боп тұр.
Сөйтсе, соңғы 200-300 жылда әлем қатты өзгеріп кетіпті.
Әлем елдері небір жетістіктерге жетіп, фантастикалық өмірге аяқ басқанда Ресей осыдан 300 жыл бұрын үйренген азаптау, өлтіру, ұрлау және біреудің жерін басып алудан басқа тірлікті білмейді екен.
Азаптау, өлтіру, ұрлау, басқыншылық. Болды!
Осынау бір аса қиын емес кәсіп Ресейге өзінің шыққан жері – баяғы ордадан мұраға қалды. Осы ата кәсібімен Ресей шынымен де талай уақыт мал тауып келді.
Бірақ бүгінгі заманда ондай өнеріңмен бұл әлемде ешкімге керегің жоқ!
18-19 ғасырлардағы ескі әдіспен біреудің жеріне басқыншылықпен кіріп келу – бүгінгі коллайдер мен марсоход, медициналық кереметтер, Голливуд пен Диснейлендпен еш бәсекелесе алмайды.
Бірақ Ресей тыныш өлейін демепті. Ол әлемді бір шулатып барып өледі.
Бұл – публицист Александр Невзоровтың айтқаны.