Қазақстанда «Әлеуметтік әмиян» енгізу жобасы іске асырылуда.
Жобаның мақсаты – әлеуметтік төлемдер алу және жедел төлемдер жүйесін (ЖМЖ) пайдалану рәсімдерін жеңілдететін цифрлық төлем құралын жасау.
Әлеуметтік әмиянды енгізу үшін құқықтық негіз бекітілді және Нұр-Сұлтан қаласында «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасын техникалық іске қосу жүзеге асырылды,
дейді Сауда және интеграция министрлігі.
Қазір бала тууға арналған жәрдемақы, бала 1 жасқа толғанға дейінгі күтім жәрдемақысы және атаулы әлеуметтік көмекті «Әлеуметтік әмиянға» аудару жобасын пилоттауды іске қосуға дайындық жүргізілуде.
Сондай-ақ, биыл Оқу-ағарту министрлігімен, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде тегін және жеңілдікпен берілетін ыстық тамақты ваучерлеу жөніндегі пилот іске қосылады және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, дәрігер ұсынымына (рецептіге) сәйкес МӘМС және ТМККК шеңберінде дәрілік заттар жөніндегі пилотты іске қосу жоспарлануда,
делінеді хабарламада.
Еңбекмині-мен бірлесіп «Отбасының цифрлық картасы» мен «Әлеуметтік әмиянды» интеграциялау жүргізілуде.