Әлеуметтік желілерде Болат Назарбаевтың қатысуымен видео пайда болды. Қазақстанның тұңғыш президентінің інісі кішкентай қыздың тұсауын кесті.
Ролик TikTok желісінде пайда болды. Кадрлардан Болат Назарбаев билеп, көтеріңкі көңіл күймен салтты орындап жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, видеодағы кейбір кадрлерде Болат Назарбаевтың тойда жүргенін көруге болады.
Аталған видеоға жазылған пікір көп. Басым бөлігі оның ауырып жатқанын еске алып, «ғажайып» сауығып кетуіне таңғалуда.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Болат Назарбаевтың отбасы оның өлімге әкелетін аурумен ауырып жатқанын айтқан болатын.