Блогер Серік Хасенов әнші Димаш Құдайберген жақын арада өзіне имиджмейкер жалдамаса әлі талай масқарасы шығатынын айтады.
Блогердің бұл жазбасына Димаш Құдайбергеннің Армениядағы жеке концерті алдында берген сұхбаты түрткі болған. Сұхбат барысында әнші Арменяның мәдениетін жақсы көретінін, оның ішінде армян ұлттық музыкалық аспаптары — тар, саз, канон, дудукқа құрметі ерекше екенін айтады. Оның ішінде дудуктың үлкен жанкүйері екенін жеткізеді.
Алайда, белгілі болғандай, бұл түркі елдерінің музыкалық аспаптары. Бұл Әзербайжан жұртшылығына ұнамай қалғанын сұхбат астына жазылған пікірлерден аңғаруға болады.
Серік Хасеновтың айтуынша, оның бұл сүрінгені түк емес, алда әлі масқарасы шығатын болады. Оған тез арада идеолог жалдап, өзінің ойлау жүйесімен ұзақ уақыт жұмыс жасау керек…
Өзінің ата-анасының амбициясы үшін өзінің имиджымен тәуекел етпеуі керек. Ата-анасы да ұлдарын расымен жақсы көрсе жайына қалдырулары керек… қазақшылыққа салып өздерінің жеке меншігі көруді доғару керек шығар,
дейді Серік Хасенов.
Димаш Құдайберген әлемдік деңгейге көтерілгесін, әлемдік деңгейде ойланып үйренуі керек… болмаса құлдырағанның үстіне құлдырап, қадірсіз қалу қаупі бар.
Мысалы әлемдік деңгейдегі тұлғалардың барлығы үлкен командамен жұмыс жасайды. Идеолог, имиджолог т.б. жалдап өз-өзімен жұмыс жасайды… Себебі қазір көзқарас, ұстаным имиджға үлкен әсер етеді,
деген пікірде ол.
Назарбаевтар әулеті сияқты масқараң шықпай тұрғанда, қай салада болмасын отбасыңнан тыс жұмыс істеген жөн, деген пікірде Хасенов.