Ең жоғарғы жалақы еңбек өтіліне байланысты.
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni.
Жалақының көлемі еңбек өтілі мен кәсіби біліктілігіне байланысты.
Менің ойымша, министрлердің ең төменгі жалақысы – 500-600 мың теңге, ең жоғарғы жалақы еңбек өтіліне байланысты. Ол шамамен 1,7 млн теңгеге дейін барады,
деді министр Сенаттың жалпы отырысынан шыққан соң.
Журналист Үкімет басшысының орынбасарына «Сіздің жалақыңыз – 1,5 млн теңге. Сіздің басшыңыз, премьер-министр Әлихан Смайылов қанша алады?», — деген сұрақ қойды.
Бұл сұрақты Әлихан Асханұлының баспасөз қызметіне қойыңыз. Мен сіздің жалақыңызға қызықпаймын ғой. Егер Әлихан Асханұлы рұқсат берсе, мен айтайын, — деді Ерұлан Жамаубаев.
БАҚ өкілі «Үкімет мүшелерінің ең жоғарғы жалақысы 1,7 млн теңге болса, Әлихан Смайыловтың жалақысы сондай ғой? Дұрыс па?» – деп сұрағын нақтылады.
Алатын шығар. Мен нақты айта алмаймын. Мен өз жалақымды айттым, тек өзіме жауап беремін,
деп Жамаубаев жауабын қысқа қайырды.