Ауылшаруашылық қалдықтарынан өнеркәсіптік материалдар жасау бойынша BARBARA еуропалық жобасының авторлары қызықты жұмыстарының керемет нәтижелерін қалың жұртшылыққа жариялады.
Олар лимон қабығын, жүгері крахмалын, бадам және анар қабықтарын пластмассаларды алмастыра алатын биополимерлерге қоспа ретінде пайдалануға болатынын дәлелдеді.
Жалпы алғанда жоба аясында қолданыстағы пластмассалардың орнына пайдалануға болатын сегіз жаңа материал әзірленді. Технологияның қолданылуы мүмкін екенін көрсету үшін инженерлер өздерінің биополимерлерінен автокөлік есіктеріне арналған жапсырмалар және аспап-құралдар панелін, сондай-ақ құрылыс секторындағы фермаларды біріктіруге арналған пішінді басып шығарды.
Хош иісті бөлшектер
Зерттеу, бір жағынан, материалдардың қарапайым пластмассалармен салыстырғанда механикалық, жылулық және тіпті эстетикалық қасиеттері жақсырақ екенін көрсетті. Екінші жағынан, инновациялардың көмегімен материалдың қасиеттеріне түс пен хош иіс қосуға болады.
Жоба қатысушылары жаңа бастама ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта пайдалану және пластик қалдықтарының мөлшерін азайту мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Ең қызығы, ешқандай қалдық жоқ, тек ресурстар. Автокөлік және құрылыс бөлшектері валидациядан сәтті өтті, тұйық цикл экономикасының мүмкін екенін және қоршаған ортаға әсерді азайтуға көмектесетінін көрсетті,
деді Aitiip компаниясының зерттеу бойынша директоры және BARBARA жобасының үйлестірушісі Берта Гонзалво.