Антисемитизм – еврейлерді этникалық немесе діни белгілеріне қатысты қудалау.
Шеру палестиналықтарды қолдауға арналған акциялар аясында Лондонда өтті.
Бір күн бұрын бұл жерде Израильдің Газадағы әскери операциясына қарсы 45 мыңға жуық адам наразылық акциясын өткізген.
Ансемитизмге қарсы шеруге шыққандар «Британдық еврейлермен біргеміз», «Антисемиттерге нөлдік төзімділік» деген жазуы бар плакаттар ұстап шыққан.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруде шамамен 60 мың адам болды. ВВС-тің жазуынша, шеруге бұрынғы премьер-министр Борис Джонсон және тағы басқа да британдық саясаткерлер де қатысқан.
Ресми статистикаға қарағанда, исламға қарсы қылмыстар да үш есе көбейген.