Моңғолиядан келген қандастарды балағаттаған павлодарлық әйелдің үстінен ұлтаралық араздық тудырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
1 мамырда Instagram желісіндегі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде @nastya_brovkapvl есімді қыз әлеуметтік желіде ұятсыз сөздер айтып, Моңғол Халық Республикасынан келген кандастар туралы теріс сөйлеген видео жарияланды.
Бұл дерек Павлодар қаласы ПП Солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Құқық бұзушы анықталды.
Ол 27 жастағы павлодарлық келіншек болып шықты. Павлодарлық әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптама тағайындалды.
Бұған дейін 1 мамырда желіде тараған видеода Настя Бровка есімді қолданушы қандастарға ғана емес, басқа да «жаңадан келгендерге» тіл тигізген. Бұған қоса, ол Павлодардың атын өзгертуге қарсы пікір айтқан.