Мемлекет 18 жасқа толмаған баланың есепшотына қаржыны қалай жинайды?

Президенттің баспасөз-хатшысы Руслан Желдібай 18 жасқа толмаған балаларға мемлекет ашатын жинақтаушы есепшот туралы тағы түсіндірді.

Арнайы есепшот норма күшіне енген сәтте (2024 жылы) 18 жасқа толмаған барлық баланың атына ашылады. Шотқа бала кәмелет жасқа толғанша ақша аударылып отырады,

деді Руслан Желдібай.

Тағы айта кететіні, есепшоттағы қаржы шетел валютасында жиналады. Оған қоса, жинаққа процент жүреді. Бұл шара қаржыны инфляциядан қорғайды.

Еске салайық, Руслан Желдібай бала 18 жасқа толғанша жинақтаушы есепшотында қанша сома жиналатынын айтқан еді.

Оған дейін президент жолдауында енді мемлекет әр баланың жинақтаушы есепшоты болатынын мәлімдеді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago