Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктың штат саны өзгерісін қарастыратын жарлыққа қол қойды.
Президент «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерту енгізді.
Орталық аппаратты, оның филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы штат саны 2 161 мөлшерінде бекітілсін,
делінген хабарламада.
Бұрын Ұлттық банктің орталық аппаратын, оның филиалдары мен өкілдіктерін қоса есептегенде штат саны 2587 адам еді.