Осы біздің елде Заң, Ұлттық Құндылық деген ұғым бар ма? Бар болса не мынау? Алдында сахнаға Көк Туды алып шығып қорлады. Онда кешіріммен құтылды.
Ендігісі мынау. Мыналары таза ұлттық киімді қорлау ғой. Басқалары сабақ алатындай шара қолданыңдар!
«Ирина Кайратовна» тобының Алматыда көрсеткен өнері қызу талқыға түсуде. Әлеуметтік желі қолданушылары концерт кезінде қазақтың ұлттық бас киімі – сәукелеге құрметсіздік көрсетілді деп наразылығын білдірді.
Қойылым ортасында ұлттық киім киген бишілер сәукелелерін шешіп, бас киімдерін жерге лақтырып, жұлқынып билерін жалғастырады.
Ал қойылым режиссері Рамзат Махаметов, қыздардың бас киімді еденге мұқият қойып, кейін жоғары көтергенін айтты.
Біз бәріне таныс, әдемі, жеңіл әрі ұлттық нақышқа қарама-қайшы биді көрсеткіміз келді. Бұл шығармашылық. Артық ештеңе болған жоқ,
деді режиссер.