Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысын жыл сайын екі мақсатта пайдалану ұсынылды.
Бірінші.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе тұрғын үй сатып алу.
Бұл мақсатта қаражатты тек Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат етіледі.
Екінші.
Білім алу. Бұл мақсатта баланың ел ішіндегі оқу орындарымен қатар шетелдік оқу орнында да оқу ақысын төлеу шектелмейді.
Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз барлық жастағы балалар арасында теңдей бөлінеді.
18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Көрсетілген кезеңде азамат тарапынан талап етілмеген жағдайда шоттағы қаражатты сол адамның зейнетақы шотына аудару ұсынылады.
Заң жобасы дауыс беру арқылы бірінші оқылымда мақұлданды.