Жас ұлан ұйымы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірлесе отырып «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын бастайды.
Жоба құндылығы еліміз бойынша білім саласының волонтерлеріне ортақ алаң құру, ортақ жұмыс ұйымдастыру, әр өңірге әсіресе ауылдық мекендерге волонтерлік көмек көрсету.
Осыған байланысты, 2000 волонтерді арнайы оқытудан өткізіп, біліктіліктерін арттыру және осы біліктіліктерімен халықтың түрлі топтары үшін цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық саласында оқыту іс-шараларын, шеберлік сыныптарын, семинар-тренингтер өткізу.
Жоба аясында кемінде 5000 адамға волонтерлік көмек көрсету жоспарлануда.
Волонтерлер үшін бұл өз біліктіліктерін арттырумен қатар, білім беру бағытындағы ойларын, жаңа бағыттарды талқылау мен жүзеге асыру бойынша үлкен платформа.
Айта кету керек, бүгінгі күні елімізде үлкен қалалар мен ауылдарды есептегенде 200-ден астам волонтерлік ұйымдар бар.