Беларусь президентінің картоп сыйлайтын дәстүрі бар.
Беларусь президентінің пулындағы барлық журналистерге, сондай-ақ жергілікті БАҚ-тың бас редакторларына бір-бір қап картоп сыйға таратылып берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы беларусь журналисі Игорь Тур өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Сондай-ақ ол әдетте, Президенттің үйлену тойына картопты қабымен сыйға тартатын дәстүрі барын еске алып, бірақ бұл жолы бәріне себепсіз таратылғанын да жеткізді.
Бүгін президент пулындағы барлық журналист пен операторлар, сондай-ақ БАҚ басшылары бір қаптан картоп алды. Менің білуімше, бұл президенттің жекелей бұйрығы,
деп жазды журналист Игорь Тур.
Айта кетсек, 2019 жылы Жаңа жыл қарсаңында Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинге төрт қап картоп мен шошқа майын сыйға тартқан болатын.
2019 жылдың қараша айында БАҚ әнші Алла Пугачева Минскіге гастрольдік сапарынан Лукашенко сыйға тартқан үш қап картоппен оралғанын жазған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…