Ұлы математиктер

Халықаралық математикалық одақ ең беделді математикалық марапат– Филдс сыйлығының лауреаттарын жариялады. «Филдс» 4 жылда бір рет 40 жасқа дейінгі ғалымдарға берілетін математика ғылымының ең жоғарғы сыйлығы. Оның тарихы 1936 жылдан басталады.

Биыл сыйлықты тарихта екінші рет әйел алды. Ол — 37 жастағы украиндық Марина Вязовская. Оның математика саласындағы ең танымал жұмыстары шарларды тығыз орау мәселесін шешумен байланысты. Естеріңізге сала кетейік, Филдс сыйлығын алған нәзік жандылардың алғашқысы — Мариам Мирзахани. Ол Иран тумасы.  

Вязовская Киев университетін бітірген. Қазіргі уақытта Лозаннадағы федералды политехникалық мектепте жұмыс істейді. Ол Украинадан шыққан бірінші лауреат иесі. Бір қызығы, 5 жыл бұрын тағы бір маңызды марапатқа – Клэй математикалық институтының сыйлығына ие болған.

Вязовскаядан басқа, тағы 3 ғалым суырылып алға шықты. Париждегі жоғары ғылыми зерттеулер институтының 36 жастағы ғалымы Уго Дюминиль-Копен. Ол статистикалық физика саласындағы фазалық ауысу теориясын зерттеуші. Ал Оксфорд университетінің өкілі, 35 жастағы британдық профессор Джеймс Мейнард сандар теориясымен жұмыс істейді. Төртінші лауреат, Сеул университетінің түлегі, Принстон профессоры, алгебралық геометрия саласын зерттеуші Джун Ху. Ол  «Рота  гипотезасы» еңбектерімен ғана емес, сондай-ақ «математика-вундеркинд» ұғымына қарсы тұратын өткір мінезімен де танымал. Толық ғылымға ауыспай тұрып, ол 23 жасына дейін университетте басқа да салаларды жақсы меңгерген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago