Ұстаздар аттестация жүйесінен шаршаған.
Ұстаздар аттестаттациясы биыл елімізде 2 кезеңде өтті: ақпаннан тамызға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін. Алайда, астарын үңіліп қарасаң, жемқорлықты айтпағанда, портфолио жинау, тестке дайындық, қағазбастылық мұның бәрі мұғалімдер үшін үлкен стресс, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл мәселе жөнінде өте көп хат келді. Мәселен, ұстаз біліктіліктен өтуі үшін тозақты жеті айналады деуге болады. Портфолио жинап, тесттен өтуі үшін көп уақыт қажет, бұл жүйе әлі бірізді ретке келтірілмеген, жетілдірілмеген. Көп мұғалім жетістіктері бола тұра, аттестациядан өтуден бас тартады, өйткені, өзін стресстен сақтағысы келеді. Білім саласында осындай жетілмей тұрған мәселе бар.
Білім саласында талай жыл қызмет еткен депутат мектеп директорларының ротациясы шешімін де сынға алды.
Жуырда мен білім саласына қатысты, мектеп директорларының ротациясы туралы депутаттық сауал жолдадым. Бұл – еш негізсіз, критерийлерсіз басталған процесс. Сондықтан мен мәселені толық зерттелмей тұрып, өзгерістер болғаны үшін оны көтердім,
деді Наталья Дементьева.