Оқу-ағарту минитсрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаменті (БССҚД) бірінші басшыларының ұялы және жұмыс телефон нөмірін жариялады.
Азаматтардың өтінішіне жедел ден қою үшін Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаменті (БССҚД) бірінші басшыларының ұялы және жұмыс телефон нөмірін жариялады. БССҚД басшыларының әлеуметтік желідегі аккаунты мен орынбасарының телефон нөмірі де жарияланды.
Қазақстандықтар білім саласындағы кез келген мәселені аумақтық департамент басшыларына тікелей хабарлай алады.
Мысалы, мұғалімдердің міндетіне жатпайтын жұмысқа тартылуы, педагогикалық этиканы бұзу, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйесі элементтерінің (бейнебақылау камералары, дабыл түймелері) жоқ екені немесе дұрыс жұмыс істемеуі туралы және т.б. Азаматтар жауапты қызметкерлерге хабарласу арқылы кері байланыс пен қабылданған шаралар туралы ақпарат алады,
министрлік хабарламасында.
Тізімді мына жерден қарауға болады.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі барлық өңірдегі білім басқармалары басшысының ұялы телефоны мен әлеуметтік желідегі аккаунтын жариялады.