Еңбек министрлігі мұғалімдерге ұсынатын орташа жалақы мөлшерін атады.
Электрондық еңбек биржасының ақпаратына сәйкес, шілде айында 87 мың бос вакансия және 70,6 мың түйіндеме орналастырылыпты. Өткен айға қарағанда бос орындар 30%-ға төмендеген. Ал жұмыс іздеп жүргендер саны артыпты -18% .
Сондай-ақ қазір маусымдық жұмыстарға сұраныс жоқтың қасы. Мысалы ауыл шаруашылығы саласында бос орындар 70% — қысқарып, біліктілікті қажет етпейтін жұмысшылардың сұранысы 43%-ға азайған.
Өңірлік көрсеткішке тоқталайық.
Жамбыл облысы — 71%
Қызылорда облысы – 55%
Ақтөбе облысы – 52%
Солтүстік Қазақстан облысы — 48% — ға төмендепті.
Ал Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында, керісінше, 4%-дан 13% – ға өскені байқалды.
Оқу жылының басталуына байланысты орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кадрлар жетіспейді. Қазір 10 200 мұғалім қажет. Көбінесе Қарағанды (899 бос орын), Жамбыл (792 бос орын) және Алматы (737 бос орын) облыстарында. Бұл ретте мұғалімдерге ұсынатын орташа айлық көлемі – 109 мың теңге.